Жайық-Каспий арнасы тереңдетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық-Каспий арнасы тереңдетіліп жатыр

08.11.2019

Атырау облысында Жайық-Каспий арнасын тереңдету жұмыстары басталды. Жобаға жауапты компания, теңіз тамағын аршып, бітеліп қалған бұрынғы су жолын қайта қалпына келтіруге кірісті. Жайықты теңізге жалғайтын каналдың ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Бүгінде су түбі 2,5 метрге дейін тереңдетілуде. 

Аталған аралық 1992 жылдан бері мүлдем қазылмаған болып шықты. Егер жұмыстар ойдағыдай аяқталса, су маржандарының өсімі ұлғаяды. Балық мөлшері көбейіп, тығырыққа тірелген шаруашылықтардың тасы өрге домаламақ. 

Қайыржан Қаресов, балықшы:

Енді қазір шығып тұрған балықтар: сыла балығы, табан, көксерке жоққа жақын, аз-мұз. Балық болды. Күн райына байланысты екі-үш күннен бері балық жоқ

Мәншүк Телешова, Орман шаруашылығы және жануалар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

Жайық өзенінде түп тереңдету жұмыстарының басталуы балық қорының табиғи жағдайын жақсартуға елеулі үлесін қосады. Сонымен қатар балықтардың миграциясына қолайлы жағдай жасайды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу