Алматыда «Дэйл Карнеги» компаниясының тренинг орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Дэйл Карнеги» компаниясының тренинг орталығы ашылды

14.03.2014
Алматыда «Дэйл Карнеги» компаниясының тренинг орталығы ашылды

Кәсібін домалатып, лидерлік дағдыларды игеремін, дейтін жастар енді арнайы мекемеде тәлім алады. Алматыда аты әлемге әйгілі Дэйл Карнеги тренинг орталығының кеңсесі ашылды.

 
Онда бизнесті тиімді жүргізу тәсілдері үйретіледі. Түрлі тұсаукесерлер мен арнайы дайындалған фильмдер арқылы жас кәсіпкерлердің біліктілігін шындайды. Айта кету керек, бүгінде компанияның Ресей, Бельгия, Чехия сынды мемлекеттерде өкілдіктері бар. 
 
Жан-Луи Ван Дорн, «Дэйл Карнеги» компаниясының вице-президенті:
Біздің компанияның құрылғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Жұмысымыздың негізгі мақсаты - бұқара арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, әрбір адамның жаһандық өзгерістерге сай икемді болуына ықпал ету. Бізге Қазақстаннан мамандар мен кәсіпкерлер көп хабарласты. Тренинг жүргізуімізді өтінді. Сондықтан, Алматыда дайындық кеңсемізді ашуға бел будық.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу