Атырау мұнай өңдеу зауытына 22 млн. теңге айыппұл салынды
Атырау мұнай өңдеу зауытына қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 22 млн. теңге айыппұл салынды. Осыдан бір ай бұрын зауыттың құбыр желісінен өрт шығып, сараптама қорытындысы бойынша ауаға таралған зиянды қалдықтың шамадан тыс екені анықталды. Енді айыппұлды зауыт наурыз айына дейін төлеуі тиіс. Облыс бойынша былтыр ауаны ластаған компаниялардан мемлекет пайдасына 22 миллиард теңгеге жуық қаражат өндірілді.
Жолдасқали Телағысов, облыстық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Күйе, азот диоксиды, көміртек оксиды және тағы басқа заттарды ауаға шамадан тыс лақтырғаны анықталып отыр. Бұл өздерінің тоқсандық есептерінде де көрсетіліп отыр. Сондықтан, осындай шара қолданылды.
Ж. ТЕМІРҒАЛИЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28
Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
12.03.2026, 13:24
Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді
12.03.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құрудың кепілі
12.03.2026, 13:17