Талдықорғанда «Нұрлы жер» бойынша биыл 700-ден астам пәтер ел игілігіне беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Нұрлы жер» бойынша биыл 700-ден астам пәтер ел игілігіне беріледі

09.01.2018

Алматы облысына іссапармен барған бір топ Мәжіліс депутаты өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын пысықтады. Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс қарқын алған. Тек Талдықорған қаласы бойынша биыл 700-ден астам пәтер ел игілігіне берілуі тиіс. Халық қалаулылары 64 пәтерлі үйді салып жатқан құрылысшылармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Депутаттар сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламамен қолға алынып, бірақ, тоқтап қалған құрылыс нысандарында да болып қайтты. Ұлттық қордан бөлінген қаржыға 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы 2015 жылы басталған. Алайда, тапсырыс беруші мен мердігердің өзара келіспеушілігі салдарынан жұмыс әлі күнге дейін тоқтап тұр. Халық қалаулылары бұл мәселені жіті қадағалап отырғандарын жеткізді. 

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2,4 млрд. ақша берілген. Оны облыс емес, «Бәйтерек» холдингі салу керек болатын. Оған байланысты сот процестері жүріп жатыр. Бұл мәселені облыстық әкімдік қолға алып, шешілу үстінде.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу