Қазығұрт тұрғындары депутаттарға газ бағасы мәселесін жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазығұрт тұрғындары депутаттарға газ бағасы мәселесін жеткізді

09.01.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Қазығұрт ауданына барды. Олар аймақтың индустриалды аймағында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аумағы 12 гектар болатын аймақта бүгінгі таңда 3 кәсіпорын жұмыс істейді. Тағы 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Халық қалаулылары жұмысшылармен жүздесіп, өндірісті дамытуға қатысты мәселелерге қанықты. Сондай-ақ, «Сапа»  өндірістік кооперативінің жұмысымен де танысты. Шаруашылық бүгінде мал бордақылау, егін егу, төрт түліктің жем азығын дайындау секілді бірнеше кәсіпті қатар жүргізіп келеді.

Жалпы, өткен аптадан бері жалғасып жатқан жұмыс сапары кезінде депутаттарға жұртшылық тарапынан бірнеше проблемалық мәселелелер айтылды. Олардың негізгілері облыс орталығының аумағына енген ауыл-аймақтардың әлеуметтік мәселелері. Әрі табиғи газ бағасының қымбаттығы.

Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі таңда ең қымбат газ Оңтүстік Қазақстанда. Еліміз бойынша адам басына шаққандағы ең табысы аз өңірлер Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары. Сондықтан, осы мәселені Үкіметтің алдында көтермекпіз.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу