Кәмелетке толмағандар өз бетімен діни рәсімдерге қатыса алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмелетке толмағандар өз бетімен діни рәсімдерге қатыса алмайды

11.12.2017

Қасында ата-анасы немесе балиғат жасынан асқан туысы болғанда ғана рұқсат етіледі. Бұл туралы «Діни қызметтер туралы» заң жобасының нормалары түсіндірілген брифингте айтылды. Мақсат – оң-солын танып үлгермеген жеткіншектерді әлдекімдердің сөзіне еріп, жат ағымның жетегінде кетуден қорғау. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда түрін көрсетпей, тұмшаланып жүруге тыйым салынады. Мұндай киімдерді киюге қызметтік немесе медициналық мақсатта, болмаса спорттық және мәдени шаралар кезінде ғана рұқсат етіледі. Заң талабын бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынады. Айта өтейік, қолданыстағы заң 2011 жылы қабылданған болатын.

Берік Арын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі:

- 2011 жылдан бері әлемде, әсіресе, дін саласында өзгерістер, оның ішінде негативті өзгерістер күшейе түсті. Діншіл адамдардың үлесі артты. Діни аудиторияға шетелден ықпал ету едәуір күшейді. Бұған ақпараттық кеңістіктің ашықтығы және жаһандану процестері де ықпал етуде.  Сондықтан, дамуымыздың жаңа кезеңінде діни қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктерін жетілдіруді ұсынып отырмыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу