Атырауда жылына 6 мың тонна металл құрылғыларын шығаратын зауыт іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жылына 6 мың тонна металл құрылғыларын шығаратын зауыт іске қосылды

11.12.2017

Жоба құны -  2 млрд. 650 млн теңге. Жаңа нысан көмегімен жоғары сапалы темір өнімдерінің өндірісін арттыру көзделіп отыр. Роботтық дәнекерлеу кешені арқасында ірі мұнай компанияларына қажетті темір, бұрғылау құрылымдары мен күрделі металл конструкцияларын өндіруге мүмкіндік бар. Бес жыл бұрын отандық инвесторлардың  қаржысына салынған кәсіпорын инженерлері бастапқыда мұнай бұрғыларын жасап жүрген.Уақыт өте келе бұрғылау кешендерін құрастыратын деңгейге қол жеткізді.

Мақсот Әділбаев, «ЖігерМұнайСервис»  ЖШС Монтаждық дәнекерлеу цехының аға шебері:

- «ЖігерМұнайСервис» мекемесінде 2014 жылдан бастап дәнекерлееу цехында аға шебер болып еңбек етіп келемін. Қазіргі таңда біздің дәнекерлеу цехымыз бұрғылау станоктарының құйылмалы қазандарын дайындайды. 2017 жылдан бастап дәнекерлеудің жаңа технологиялары енгізіліп жатыр. Үлкен станоктар алынды. Алға қойған мақсаттарымыз бар.

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу