Алматыда жас журналистерге арналған «Журналистика негіздері» атты тәжірибелік сабақ өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас журналистерге арналған «Журналистика негіздері» атты тәжірибелік сабақ өтті

05.12.2017

«Журналистика негіздері». Осындай атаумен Алматыда қолына енді қалам ұстаған жас журналистерге арналған тәжірибелік сабақ өтті. Оған әр аймақтан келген талапты жасөспірімдер қатысты. Оларға кәсіби мамандар телевизия және радио репортаж жөнінде шеберлік дәріс өткізіп, саланың қыр-сырын ұқтырды. Мәселен, мультимедиялық зертхана, фотожурналистика, жазу өнеріне қатысты маңызды мәліметтер берілді. Сондай-ақ, білікті ұстаздар, журналист этикасын сақтау мәдениетіне де баса назар аударды. Себебі, «мұндай шара болашақта журналист боламын дейтіндерге ауадай қажет», - дейді ұйымдастырушылар.

Ситара Ятимова, оқушы:

- Мен болашақта журналистика мамандығына түскім келеді. Осы мамандыққа мен тәжірибе алып, кейін журналистика факультетіне түскен кезде білім алып, журналистиканың негіздерін білу үшін келдім.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу