2019 жылы 6 мың шақырым жол ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылы 6 мың шақырым жол ақылы болады

16.11.2017

Екі жылдан кейін еліміздегі 6 мың шақырым жол ақылы болады. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз жиынында «Қазавтожол» компаниясының атқарушы директоры Рустам Исаев мәлімдеді. Оның сөзінше, жыл соңына дейін «Астана – Теміртау» және «Алматы – Қапшағай» бағыты бойынша ақылы жүйе тәжірибелік сынақтан өтеді. Бұдан бөлек, 304 шақырым болатын «Алматы – Қорғас» учаскесіне төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша орталықтан барлық бағыттарға жол салынып жатыр. Кейбір учаскелер қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Тек бір ғана бағыт бойынша құрылыс жұмысы әлі басталған жоқ. Ол - Астана мен Ақтөбе аралығы. Торғай даласы үстінен өтетін жол құрылысына мемлекеттік қарыз деңгейі кедергі келтіруде.  

Амангелді Беков, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

- Астанадан Арқалық, Ырғыз арқылы өтетін жол жобасын сәл шегіндіріп қойдық. 2020 жылдан кейін бастаймыз. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Қаржы тарту мәселесі көтерелген еді.  Бірақ, кейінге шегеріп қойдық.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу