Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 550-дей жоба жүзеге асырыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 550-дей жоба жүзеге асырыла бастады

10.11.2017

Оның 18-іне 950 миллиард теңге жұмсалып, республикалық деңгейде атқарылған.  Бұл туралы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше,  аймақтарда жүзеге асқан 116 жоба көбінесе білім, денсаулық сақтау, спорт салаларына бағытталған. Айта кетейік, бағдарламаның мақсаты – мемлекет, бизнес ресурстары мен тәжірибені біріктіріп, инфрақұрылымды дамыту.  

Талғат Матаев,  «Қазақстандық Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- 2017 жылы 80 жоба іске асырылып жатыр. Барлық сомасы 70 миллиард теңге. Бүгінгі таңда оның ішінде 53жоба іске асырылған. Ірі-ірі жобалар –Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай мен Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе қаласына тартылған ірі электр желілері. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу