2020 жылға қарай еліміз жүк тасымалынан 5 млрд доллар табыс табады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға қарай еліміз жүк тасымалынан 5 млрд доллар табыс табады

02.11.2017

2020 жылға қарай Қазақстан Халықаралық жүк тасымалынан 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Бұл туралы бүгін Астанада басталған «ТрансЕуразия» халықаралық конференциясында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

Алдағы екі жылда еліміз арқылы өтетін контейнерлер саны 2 миллионға жетеді. Оның 800 мыңы Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдар. Айта кету керек, Қазақстаннның транзиттік әлеуеті зор. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, нақты шаралар қабылдауды Президент биылғы Жолдауында Үкіметке жүктеген болатын. Астанада өтіп жатқан Халықаралық конференцияға Еуразия елдерінің 300-ден астам делегаты қатысуда.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: 

 - 3-4 жылдың ішінде сол көлемге келеміз деп сеніп отырмыз. Осы аптаның басында Бакуде жаңа теміржол учаскесі ашылды.  Ол бізге үлкен көмек болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу