CҚО-да пара алған қызметкер 30 млн төлейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

CҚО-да пара алған қызметкер 30 млн төлейтін болды

01.11.2017

Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің бұрынғы басшысы Валерий Затайға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы қызметін асыра пайдаланып, құрылыс жұмыстарына лицензия беру үшін кәсіпкерден 1500 доллар көлемінде сыйақы сұраған екен. Пара алып жатқан жерінде ұсталған департамент басшысы өзіне тағылған айыпты толықтай мойындады. Сот оның мемлекеттік қызметтегі көп жылғы еңбегін ескеріп, мүлкін тәркілеп, айыппұл салу туралы шешім шығарды. 

Алмас Жұмағазин, петропавл қалалық сотының судьясы:

- Валерий Затай ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 бабы, 2 бөлімі бойынша кінәлі деп табылып, пара алған сомасының 60 есе көлемінде, яғни 30 млн. 690 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сотталушы үкімнің күшіне енген күнінен бастап 1 ай ішінде айыппұлды өтеуі шарт.

Александр Никитенко, адвокат:

- Жаза әділ болды деп есептеймін. Қайта шағымдану үшін ешқандай да негіз көріп тұрған жоқпын. Прокурорлар шағым түсіруі мүмкін, бірақ, оған себеп көріп тұрған жоқпын. 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу