Қоғамдық келісім – тату етер ел ішін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық келісім – тату етер ел ішін

01.11.2017

Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың ұйысып, қоғаммен біте қайнаса күн кешуі қуантады. Достықты ту еткен қазақстандық үлгі мен тәжірибеге әлем елдері қызығады. Бұл жайында Еуразияның еврей қауымдарын қолдау ұлттық коалициясының атқарушы директоры Марк Левин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбаймен болған кездесуде мәлімдеді.

Жиынға түрлі этномәдени бірлестік өкілдері шақырылды. Олар этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жүзеге асыру мен қоғамдық келісімді нығайтуға арналған шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелерін талқылады. 

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

 -Жалпы, үш мыңға жуық қоғамдық келісім кеңестері бар. Олар көптеген жұмыс атқарып жатыр. Тек қана әлеуметтік - тұрмыстық мәселелер ғана емес, барлық жағынан түсінбеушіліктерді шешуге еңбек етіп жатыр.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу