Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі

14.10.2021

Этносаралық келісімді нығайтуда әрбір азамат белсенді болуы керек. Таразда өтіп жатқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда көпэтності елдімекендерде әлеуметтік проблемаларды шешу жолдары кеңінен талқыланды. Өңірде тұңғыш рет өтіп жатқан жиынға алыс-жақын шет елдерден келген сарапшылар да қатысуда. Ұлттар мен ұлыстардың ұйысып, қоғаммен біте қайнап, тату өмір сүріп жатқаны қуантады. Мұны Қазақстандық үлгі деп айтуға болады дейді шетелдік әлеуметтанушылар.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Ең үлкен құндылығымыз тәуелсіз жылдар бойы сақтап келе жатқан халық бірлігі қоғамдық келісім. Осы конференция өте маңызды... «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттерді айқындаған алқалы жиын екі күнге жалғасады. Жаңа геосаяси жағдайларда этносаралық келісімді қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелер тақыланады. Басты міндет қоғамдық тұрақтылықты арттыру.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Осы мәселелердің барлығы азаматтық қоғам өкілдерімен мемлекеттік орган өкілдерімен елде тұратын диаспора өкілдерімен жан-жақты ақылдасып қарастыру. Елдің тәуелсіздігін мығымдау.


Хабарламаларға жазылу