Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы артуы мүмкін - Қасым-Жомарт Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы артуы мүмкін - Қасым-Жомарт Тоқаев

17.10.2017

Оған Еуразиялық экономикалық одақ жүргізіп жатқан келісім сеп болмақ. Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесу кезінде айтты. Мәртебелі мейман Астанада әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің басын қосып, жаһандық мәселелерді шешу тәжірибесіне жоғары баға берді. Ол Қазақстанның әлемде тыныштық пен бейбітшілік орнатудағы рөлі үлкен екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрайымымен  Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де кездесті. Тараптар екі елдің даму тәжірибесінде ерекше маңызға ие дінаралық және этникаралық келісімге айрықша назар аударды. Палата Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге зор көңіл бөлетінін алға тартты.    

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу