Қылмыс жасаған күдіктіні уақытша ұстау мерзімі 72-ден 42 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыс жасаған күдіктіні уақытша ұстау мерзімі 72-ден 42 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін

16.10.2017

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты. Бұл халықаралық стандарттарға сай келеді. Мұндай жеңілдік ауыр қылмыс жасағандарға жүрмейді. Мәжілісте ұсынылған жаңашылдықтарда экономикалық қылмыс жасағандарды сотқа дейінгі қамаудан босату да қарастырылған. Себебі, олар адам өміріне қауіп төндірмейді. Тергеуші күдіктінің мүлкіне тек 10 күнге ғана тыйым сала алады. Одан ұзарту үшін соттың шешімі болуы міндет. Бас прокуратура ұсынған өзгерістер адам құқығын қорғау мен жемқорлық деректерінің азаюына сеп болмақ.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- «Бұйрық өндірісі» деген жаңа институт енгізіп жатырмыз. Теріс қылық және онша ауыр емес қылмыстарды қарау мерзімін азайтуды ұйғардық. Адам кінәсын мойындап тұрса, дәлелдер жеткілікті болса, айыппұлға келісіп тұрса, ешкім дау көтермесе, ондай жағдайда бұйрық өндірісі қолданады. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша сот үкімін қоса алғанда мерзімі 6 күн болады. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу