70-тен аса мемлекеттің жастар саясатына жауап беретін министрлері Мәскеу қаласына жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70-тен аса мемлекеттің жастар саясатына жауап беретін министрлері Мәскеу қаласына жиналды

12.10.2017

Әлем жастарының проблемаларын бірлесіп шешу қажет. Осы мақсатты көздеген Еуропа, Азия және Африка құрлығындағы 70-тен аса мемлекеттің жастар саясатына жауап беретін министрлері Мәскеу қаласына жиналды. Тараптар жастардың алдында тұрған түрлі қауіп-қатердің алдын алу мәселесін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Жиынға қазақ делегациясын бастап барған еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастар саясаты саласында Қазақстанда қолға алынған кешенді істерге тоқталды.

Ол діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру жөніндегі Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасы мен 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат және 2020 жылға дейінгі жастар саясаты туралы тұжырымдамаларын жиналған қауымқа таныстырып, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:  

- Министрлер кездесуінің басты мақсаты – жастар саясаты саласындағы озық тәжірибелермен алмасу. Ал, келесі мақсат – жастарды теріс, жағымсыз ықпалдардан сақтап, теріс діни ағымдардың немесе қылмыстық топтардың идеологиясына тосқауыл қою.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу