«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатында тағы да жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатында тағы да жарылыс болды

12.10.2017

Апаттан 6 адам зардап шекті. Комбинаттың кокс цехында құбыр жарылып, балқып тұрған қоспаға жұмысшылар күйіп қалған. Газ цехының 4 жұмысшысы, кокс цехының бір адамы және газдан құтқару қызметінің маманы түрлі күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір барлығына медициналық қызмет көрсетілуде. Науқастардың екеуі Теміртаудағы жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғаны Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген.

Видади Джамеледдинов, Мақажанов атындағы облыстық аурухананың дәрігері:

- Құлақ, қол, иықтары күйген. Басқа да дене жарақаттары бар. Науқастардың бірінің терісі 10 пайызға күйген. Қалған екеуінікі 6 пайыз. Бұл айтарлықтай ауыр жарақат. Үшеуінің де саусақтары қатты күйіп қалғандықтан қимылдамай қалуы мүмкін. Бізге тағы 4-ші науқасты алып келуі керек. Қалған екеуі Теміртау қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

«АрселорМиттал Теміртау»  компаниясының баспасөз бөлімі берген жазбаша ақпарат бойынша қазір комбинатта болған төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталуда.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу