Қырғызстан-Қазақстан шекарасында жолаушыларға шектеу жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан-Қазақстан шекарасында жолаушыларға шектеу жоқ

12.10.2017

Қырғызстан-Қазақстан шекарасында кеше көліктер кезекте тұрып, жолаушылар жүре алмаған еді. Қазір жағдай бірқалыпты. Шекарада ешқандай шектеу жоқ.

Ал, кеше қырғыз-қазақ шекарасында жолаушылар мен көлік құралдарын өткізу ережесі күшейген болатын. Оған айырқалпақты бауырлардағы президент сайлауына дайындық жұмыстары себеп. Бірақ, Қырғызстан тарапынан шекара бақылауына ешқандай шектеу қойылмағаны айтылған және олар  уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұл ретте, Қазақстанның шекара қызметінің де Қырғызстандағы сайлауға байланысты күшейтілген режимге өткені белгілі болды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу