Доллар курсының құбылуы - қалыпты құбылыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар курсының құбылуы - қалыпты құбылыс

11.02.2014
Доллар курсының құбылуы - қалыпты құбылыс
  Экономикалық сарапшылар: «Доллар курсының құбылуы - қалыпты құбылыс», -деп бағалап отыр. Ішкі-сыртқы тауар айналымы нарықтық тапшылықты болдырмайды.
 
Ұлттық банк өкілдері мұндай жағдайда салқынқандылық танытуға кеңес береді. Олардың айтуынша, нарықта валюта қоры жеткілікті, ал банктердегі депозиттерді бірден қолма қол ақшаға айналдырудың қажеттілігі жоқ. Керісінше, бұл ақша пайда әкелетінін ескеру керек.  
 
Экономика институтының төрағасының орынбасары Наиля Қапенқызының айтуынша, Қазақстан экономикасы үшін маңызды қадам. Сыртқа мұнай-газ, астық шикізатын экспорттайтын мемлекет болғандықтан, дефолтқа ұрынбау үшін керек. Істің байыбына бармаған адамдар арасында түрлі мифтік қауесеттердің туындауы заңдылық, дейді ол. 
 
Наиля Нұрланова, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
Біріншіден теңгенің девальвациясы ұлттық валютаны тұрақтандырады. Яғни, ақша нақты бір қалыпта бекітіледі, алайда, қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында оның құны белгілі межеден асып тұр. Сондай-ақ, біздің теңгенің бағамын тұрақтандыру үшін әрдайым басқа мемлекеттердің валюталық ықпалы болған. Бұл біздің еліміздің алтын қорын азайтты. Сондықтан, қорды валюта курсын тұрақтандыру үшін қолдануға болмайды.
 
Ең маңыздысы - ел кәсіпкерлерінің құқығы қорғалады. Кәсіпкер Дина Сейілбекқызы азық-түлік тауарларын сатумен айналысады. Жас кәсіпкер отандық тауарлардың ішкі тауар айналымы нарықтық тапшылықты болдырмайтынына сенімді. Өйткені, бұл өзгеріс енді ғана аяғынан тік тұрған жас мемлекеттің тұрақты экономикасындағы қалыпты алғышарт, - деп санайды.
 
Дина Шәкенбай, кәсіпкер:
Ішкі нарықтағы бағалар көтерілмеуі тиіс. Жалпы доллар көтерілді деп дүрлігудің қажеті жоқ. Мысалға біздегі халықтың көп тұтынатын тағамдардың көбісі - отандық тауарлар. Жалпы мен 2 азық-түлік дүкенін ұстап отырмын. Онда бағаны көтеріп жатқан жоқпыз.
 
Ең бастысы да осы - азық-түлік бағасының қымбаттамағаны керек. Тоқырау жылдар мен 2009 жылғы девальвациялар да кенеттен болғанмен, артынша қалыпты экономика дәуірлеген. Ендеше, отандық өнімнің өндірілуіне көңіл бөлген жөн.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу