Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балықтар қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балықтар қырылды

16.08.2022

Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балықтар өліп, жағаға шығып қалған. Оны демалушылар ұялы телефонға түсіріп алды.

Өлген балықтар көлдің Көкшетау тауы жағындағы жағалаудан табылған. Негізінен алабұға мен ақтабан қырылып қалған. «Бурабай» ұлттық паркі өкілдерінің айтуынша, бұл - табиғи құбылыс. Өйткені жылдың осы мезгілінде балдырлар гүлдеп, көмірқышқыл газын шығарады екен. Ал оттегіні керісінше, жұтып алады. Салдарынан балықтар қырылады. Бұл жағаға жақын, суы таяз жерде болатын құбылыс, дейді мамандар. Ал көлден алынған сараптама судың көрсеткіші қалыпты жағдайда екенін көрсеткен.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу