Ресейде Қазақстаннан шыққан жолаушылар көлігі апатқа ұшырап 19 адам көз жұмды

06.10.2017

Қаза тапқандардың біреуі Қазақстан азаматы. Қайғылы оқиға Ресейдің Владимир облысы Петушин елді мекенінің маңында болған. Белгілі болғандай автобуста 57 адам болған. Жолаушылардың барлығы Өзбекстан азаматтары.

Автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары екені анықталып отыр. Автобустың номері 13-ші аймаққа яғни, Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Автобус Покров станциясы маңындағы темір жол өткелінде істен шығып тұрып қалған.

Автобус жүргізушісі жолаушыларды түсіріп, көлікті темір жолдан итеріп шығаруға шақырған. Оқиға түнгі уақытта болғандықтан, жолаушылардың көпшілігі ұйқыда жатқан. Автобустан түскен 34  жолаушы көлікті жолдан итеріп шығаруға үлгермеген.

Көліктің ішінде қалған адамдардың 19-ы апат  орнында опат  болып, 5 адам ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі балалар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов жол апатының мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу