Елімізде кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді

06.10.2017

Бизнесін енді ғана бастап жатқан кәсіпкерлерге заңдық және есеп-қисап жүргізу ісі бойынша кеңестер қажет. Бұл туралы Ақмола облыстық іскер әйелдер форумында айтылды. Жыл сайын өз ісін ашқан нәзік жандылардың қатары көбейіп келеді. Олар бастаған бизнес түрлері сан алуан. Соңғы 3 жылда кәсіпкерлер палатасы 400 әйелді бизнес негіздеріне оқытқан. Оның 250-і өз ісін ашты. «Алайда, бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін», - дейді мамандар. Келешекте кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесі бизнес бастаймын дегендерге жан-жақты қолдау көрсетпек. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу