«Нұрлы жер» бағдарламасының берері мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жер» бағдарламасының берері мол

05.10.2017

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 99 мың пәтерлі үй. Еліміздің 14 облысына бұл мақсатқа 14,3  миллиард теңге қаражат тартылып отыр.

Сондай-ақ, өңірлерде бой көтеретін 60 мың жеке тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын реттеуге республикалық бюджеттен 83,4 миллиард теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов  журналистермен болған кездесуде мәлімдеді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу