Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жанармай тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жанармай тапшы

29.09.2017

Кезекте сағаттап тұрған көлік жүргізушілеріне бензин күніне тек 10-20 литрден ғана берілуде. «Екі аптадан бері осындай ұзын-сонар кезек», - дейді тұрғындар. Қалада барлығы 6 жанар-жағармай бекеті бар. Мысты шаһардың тұрғындары тәулігіне 100 тонна бензин тұтынады. Алайда, жанар-жағармай қорының аздығына байланысты бензин мөлшермен ғана берілуде. «Атырау және Павлодар қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттары уақытша тоқтағаннан кейін осындай жағдай қалыптасты», - дейді жергілікті билік.  

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу