«Жаңа дәуір кәсіпкерлері» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа дәуір кәсіпкерлері»

10.02.2014
«Жаңа дәуір кәсіпкерлері»
«Жаңа дәуір кәсіпкерлері». Ақтөбеде іскер жастардың бас қосатын клубы осылай аталады. Қазір оған 45 жас тіркелген. Олар кәсіп бастап, өз ісін ашқысы келетіндер.
 
Бірақ, жұмысты неден бастаудың жолын білмейді. Жаңа клубтың мақсаты - оларға жол сілтеу.  Ол Ақтөбе облысы  кәсіпкерлері  палатасы  жанында жұмыс істейді.  Ұйым арқылы жастар- құқықтық  сауатын арттырады.
 
Құжат рәсімдеу, кәсіпкерлікті тіркеуден бастап кіріс түсіруге дейінгі жолды мамандар түсіндіреді. Оларға арнайы  заңгерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлері кеңес береді.
 
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу