Атырауда арнайы тактикалық аумақтық жаттығулар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда арнайы тактикалық аумақтық жаттығулар басталды

28.09.2017

«Атқылама-2017». Атырауда осындай атаумен арнайы тактикалық аумақтық жаттығулар басталды. 3 күн бойы 5 облыстың 60-тан астам құтқарушысы мұнай және газ құбырларындағы апатты жағдайларды жою амалдарын пысықтайды.

Жаттығуға барлығы 30 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, шара барысында құтқарушылардың жеке жарақтары мен техникалық құрал-саймандары да таныстырылды. 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу