Биыл 18 сарбаз «Күрең берет» иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 18 сарбаз «Күрең берет» иегері атанды

25.09.2017

«Бүркіт» арнайы жасағының қатарына өту бәсекесінде биыл 18 сарбаз мәреге жетті. Әу баста аймақтық бөлімшелерде іріктелген жүзден астам әскери қызметкер «Күрең беретке» үміткер атанған болатын. Алайда, оннан астам азамат алғашқы сыннан сүрінді. Қарулы күштердің элитасына кіру оңай емес, ең алдымен сарбаздар 75 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Толық қаруланған арнайы жасақ өкілдері 19 нормативті орындауы тиіс. Бұл сынаққа тек жүзден жүйрік шыққан 18 сарбаз ғана іріктелді.   

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу