Астанадағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында тәртіп бұзғандар жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында тәртіп бұзғандар жауапқа тартылады

05.09.2017

Астанадағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында болған тәртіп бұзушылыққа байланысты Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады. Жағдайды анықтай келе, үндістандық азаматтар жұмысқа барар жолда күзетшінің нұсқауына көнбей дөрекілік танытқан. Сол жерде күзетшіге қол жұмсаған. Ал, жұмыстан қайтып келе жатқан кезде күзетшілер үнді азаматын соққыға жыққан. Кейін жағдай ушығып, жаппай төбелестің алдын алу үшін полиция шақырылып, құрылыс аймағы бақылауға алынды. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу