«Жасыл экономика» жобаларын қаржыландыратын қор құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл экономика» жобаларын қаржыландыратын қор құрылады

30.01.2014
«Жасыл экономика» жобаларын қаржыландыратын қор құрылады
Қазақстанда биыл «жасыл экономика» жобаларын қаржыландыратын венчурлық қор құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады. Оның сөзінше қорды құру туралы Ислам Даму корпорациясымен тиісті келісімге қол қойылған.
 
Бастапқыда қордың қаржы көлемі 50 миллион АҚШ доллары болады. Бұл қаржыны Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік пен аталған корпорация бөліп отыр. Осылайша жасыл экономиканы дамытуға арналған жобалар осы қордан қаржыландырылады.
 
Сұраныс артқан жағдайда кордың көлемін 100 миллион АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Жиында Президент жолдауында айтылған қаржы секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасы да сөз болды. Бишімбаевтың сөзінше холдинг құрамындағы қаржы институтары да бұл тапсырма төңірегінде нақты жұмыстарды қолға алған.
 
Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:
Біздің басты мақсатымыздың бірі - қолжетімді және ұзақ мерзімді несиелер беру тетіктерін ұсыну. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына біз холдинг ретіне 1,5 триллион теңге тартуды мақсат етіп отырмыз. Ол үшін холдинг қорындағы капиталдарды тимді пайдаланып, кіріс әкелу тетіктері жасақталуда.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
 

Хабарламаларға жазылу