Солтүстік Қазақстан облысында 5 балықшы құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 5 балықшы құтқарылды

13.04.2020

Өткен демалыс күні өңір құтқарушылары мұз үстіне шығып, жағадан алыстап кеткен 5 балықшыны құтқарды. Оқиға Есіл ауданындағы Үлкен Торанғұл көлінде болған. Кеше сәуірдің 12-сі түс кезінде көлдің жанында орналасқан құтқару бекетіне балықшылар көмек сұрап хабарласқан. Дереу трактордың көмегімен моторлы қайық суға түсіріліп, 1,5 сағаттың ішінде олар қауіпсіз жерге шығарылды. Балықшылар Корнеевка елді мекенінің 55 пен 72 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу