Сауапты іс – тек мешіт салумен шектелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауапты іс – тек мешіт салумен шектелмейді

03.08.2017

Бұл туралы бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі айтты. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қазір қайырымдылықты ту етіп, бей-берекет мешіт салатындар көбейген. Алайда, қоғамға пайдалы кез келген іс яғни, халыққа аса қажет мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар салу да – ізгілік амалдары болмақ. Ол үшін елде жаны – жомарт, қалтасы – қалың меценаттар жеткілікті. Тек, қайырымдылық қаражатын дұрыс бағыттап, жұмсау қажет.  Таяуда құрылған «Уақып» қорының діттегені де – осы. Қор қайырымдылықты өркениетті әрі тиімді жүзеге асыруға ұйытқы болмақ.

 

 Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу