Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасының Алғысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасының Алғысы жарияланды

24.06.2016
Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасының Алғысы жарияланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланды.

Хабарламаларға жазылу