Ақмолалық полицей Жеңіс Құлмағановтың отбасы сал ауруына шалдыққан кішкентай Умиданы асырап алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалық полицей Жеңіс Құлмағановтың отбасы сал ауруына шалдыққан кішкентай Умиданы асырап алды

23.06.2017

Жүрегі кең, жомарт жан. Ақмола облысының №1 Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері Жеңіс Құлмағановтың отбасы елдің ерекше ықыласына бөленді. Мерейлі жанұя балалар үйінен сал ауруына шалдыққан кішкентай Умиданы асырап алып, балғынға бақыт сыйлады.  Мейірбан әкенің үш ұлы бар. «Ал, отбасыма қосылған кішкентай қызым - өрісім», дейді ол.   

Жеңіс пен Алмагүл «бір тұлымдыны бауырымызға бассақ», деп көптен армандаған еді. Умида жайлы олар ғаламтордан білді. Туабітті сал аурына шалдыққан баланың суретін көрген ана жүрегі іздеген перзентінің осы екенін сезеді. Жұбайлар бірден балғынның кім, қайдан екенін іздестіре бастайды. Ақыры алты айдан соң Алматыдағы балалар үйінде кездесті. 

 

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу