Президент мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін 58 млрд теңге бөлуді тапсырды

02.09.2019
Президент мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін 58 млрд теңге бөлуді тапсырды

«Отбасы институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлыққа қарсы күресу – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болуы керек. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің көбеюуі бізді алаңдатуы тиіс. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды оңалтуға арналған бағдарламаны әзірлеуіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен де ерекше жұмыс жүргізген абзал. Тек ресми статистикаға сүйенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар. Үкімет сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысына маңыз беруі тиіс. Үкіметке бұл бағытта алдағы үш жылда 58 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Хабарламаларға жазылу