Алматыда латын графикасына көшуге арналған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

13.06.2017

Онда елімізге белгілі ғалымдар әліпбиді ауыстыруға қатысты бірнеше нұсқа ұсынып, көпшіліктің талқысына салды. Шараға қатысқан тіл мамандары оларға осы мәселеге байланысты көкейкесті сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Ал, оқымыстылар «бұл жұмысты ғылыми негізде жүргізіп, асықпай талқылау қажет», деп есептейді. Себебі, әліпби нұсқаларын ұсынған ғалымдардың саны жүзден асып кеткен. Тіпті, шетелдегі қандастарымыз да ұсыныстарын жеткізіп, оны хатпен жолдаған. Сондықтан, барлығын асықпай қарап, ішінен ең тиімдісін таңдап алу маңызды. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу