Қоғам белсенділері латын әліпбиінің жобасын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам белсенділері латын әліпбиінің жобасын талқылады

08.11.2019

Қоғам белсенділері мен жеке авторлар латын графикасына негізделген жаңа әліпби жобаларын таныстырды. Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық және әдістемелік жұмыс топтарының біріккен семинар кеңесінде тіл мамандары ол жобаларды сарапқа салып, жан-жақты талқылады.

Қазақ жазуының орфографиялық принциптеріне сүйене отырып ұсынылған жобалардың артықшылықтары мен кемшіліктері айтылды. Қазақ жазуын латын графикасына бірден ауыстыра салу оңай емес. Жаңа әліпбиді жетілдіру жұмыстары әлі жалғасады. 

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

Әрбір қазақстандық азаматтың біздің латын әліпбиіне байланысты айтқан пікірі маңызды. Сондықтан министрлік атына көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Оның барлығын министрдің өзі қабылдап және де ғалымдардың қатысуымен қабылдау өткізіп, әрбір ұсынысты жан-жақты талқылап жатырмыз.

Ақерке Берікбекқызы 

Хабарламаларға жазылу