Жамбылдық тәртіп сақшылары мешіт маңдарында болатын кептелістердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық тәртіп сақшылары мешіт маңдарында болатын кептелістердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізді

12.05.2017

Жамбылдық тәртіп сақшылары Дін істері басқармасының мамандарымен бірге мешіт маңдарында болатын кептелістердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізді. Құқық қорғаушылардың бұл әркекеті заңды, талап орынды, әрі ол ең бастысы қоғам үшін тиімді. Алайда, тәртіпке бағынбай көліктерін бей-берекетсіз қойып кететіндер азаймай отыр. Әсіресе, жұма күндері  мешітке ағылатын тұрғындар көліктерін жол жиегіне бей-берекетсіз қойып кетеді. Бұл көшедегі қозғалысқа кедергі келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, заңсыз жерге көлігін қойған тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұған дейін мешіт қызметкерлерімен бірге жұмаға келген тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, автокөліктерін тиісті жерлерге қою керектігі ескертілді.  Мұндай  шаралар  әлсін-әлсін өткізіліп тұрмақ.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу