Шығыс Қазақстан облысында тасқын судан 34 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында тасқын судан 34 адам құтқарылды

24.04.2017

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Үлбі өзені арнасынан асты. Өзеннің тасуына өткен демалыс күндері толассыз жауған жаңбыр әсер етпей қоймады. Тасқын су Жаңа Үлбі кентіндегі 4 үй мен 10 саяжайды шайып кеткен. 34 адам құтқарылды. Көпірге жетер жол жарамсыз болып қалғандықтан, құтқарушылар тұрғындарды жағаға қайықпен жеткізді. Қазір мамандар өзен жағасына топырақ төгіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуде. 

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу