Алматы әуежайынан Дубай бағытына көкке көтерілген ұшақ әуежайға қайта қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайынан Дубай бағытына көкке көтерілген ұшақ әуежайға қайта қонды

10.04.2017

Таңертең  Алматы халықаралық әуежайынан Дубай бағытына көкке көтерілген ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. «Қозғалтқыштың бірі істен шыққан соң экипаж кері қайтуға шешім қабылдады», дейді әуе компаниясының өкілдері. 133 жолаушысы бар ұшақ әуежайға штаттық режимде қонған. Дегенмен, олар сағат 10:50-де басқа ұшақпен аттанды.

Айта кетейік, жалпы бұл - әуе тасымалындағы алғашқы жағдай емес. Былтыр 106 ұшақ әуежайдан әрі аспаған.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ     

Хабарламаларға жазылу