Санкт-Петербургте қаза болған қазақстандық Максим Арышевтің ата-анасы Ұлттық арнаға сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте қаза болған қазақстандық Максим Арышевтің ата-анасы Ұлттық арнаға сұхбат берді

06.04.2017

Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан жан тапсырған қазақстандық студент Максим Арышев 7 сәуір күні Алматыда жерленеді.

Қазір марқұмның мәйітін елге жеткізумен Қазақстаннның Ресейдегі Елшілігі және Бас консулдығы айналысып жатыр. 

Ирина Арышева, Максимның анасы:

Ол маған сағат 2-ге таяу «мама, мен метроға бара жатырмын», деп смс жазып жіберді. Ал, оның достары басқа балаларды күтіп сыртта тұрып қалыпты. Артынша метроға түсе бергенде стансадағы түтінді көріп, бірден оған телефон шалған.

Виталий Арышев, Максимның әкесі:

Бізге Петербургтегі Бас консулымыз Ермек Серікұлы бірден хабарласты. Қолдау көрсеткен бүкіл Қазақстан халқына алғысым шексіз. Бұған дейін консулдықтың не екенін де білмейтінбіз. Біз бұл жолы өзіміздің Қазақстан азаматы екенімізді және кез келген елде көмексіз қалмайтынымызды әбден сезіндік. Есіміз шығып қайда баруды, кімге хабарласуды білмей жүргенде, дипломаттар қыруар іс тындырды. 

 

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу