Астанада балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде берілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде берілетін болады

03.03.2017
Астанада балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде берілетін болады

2017 жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады.

Бұл бағытта қызметті алушыларға 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі әрекеттерді орындау керек:

1)  электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚКО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);

2)  өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;

3)  өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі, жақын жердегі балабақшаны анықтау үшін тұрғылықты мекенжай) қажет. Байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек.

Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.

Жалпы, Астана қаласы бойынша 8412 бос орын бөлінеді.

Орындарды бөлу жұмыстары аяқталған соң, кезектің жылжу барысын Астана қаласы әкімдігінің www.e.astana.kz ресми сайтынан қарауға болады.

2017 жылғы 10 сәуірден бастап жұмыс тобының автоматтандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары (Қарталы көшесіндегі №61 мектепте) жүргізіледі.

 

 

Хабарламаларға жазылу