Киров су қоймасы жөндеуден өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киров су қоймасы жөндеуден өтпек

27.02.2017
Салынғанына жарты ғасырға жуықтаған Киров су қоймасы күрделі жөндеуден өтпек. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз елінің Талас облысына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Қажет қаржыны қос тарап бірге көтереді.

Сондай-ақ, өңір басшысы көрші елдің билік өкілдерімен тікелей тасымалданатын көкөністердің фитосанитарлық талапқа сай болуын бақылауды бірлесе атқаруға шақырды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу