ОҚО-ның Түлкібас ауданында 96 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-ның Түлкібас ауданында 96 отбасы баспаналы болды

20.01.2017
Қуанышқа кенелгендердің бірі - соғыс ардагері, 19-ы - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Жаңа қоныс иелері қатарында әлеуметтік жағдайы төмен тағы 58 отбасы бар.

Баспаналы болуы үшін бұл азаматтардың алды 10 жыл кезекте тұрған. Сәулеті мен сәні келіскен көпқабатты тұрғын үйлер аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылының іргесінен бой көтерді. Пәтерлердің ішінде тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Бес қабатты екі үйді салу үшін қазынадан 684 млн теңге қаржы жұмсалды.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу