Астанадағы LRT жобасы екі жылда аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы LRT жобасы екі жылда аяқталады

19.04.2023

LRT жобасы 2 жылда аяқталады. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ елорданың 2030 жылға дейінгі жаңа бас жоспарының әзірленетінін жеткізді. Бұған сәйкес, Астанада бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асады. Олардың қатарында екі газ станциясы мен үшінші жылу энергия орталығы бар. Бұдан бөлек, әкімдіктің жоспары бойынша, жыл соңына дейін бас қалада 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Олардың дені шағын және орта бизнес саласында.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу