Астанада қоғамда қызу талқыға түскен жылы аялдамаларға қатысты тұрғындар наразылығы басылар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қоғамда қызу талқыға түскен жылы аялдамаларға қатысты тұрғындар наразылығы басылар емес

13.01.2017
Астанада былтырдан бері қоғамда қызу талқыға түскен жылы аялдамаларға қатысты тұрғындардың наразылығы басылмаған. Әсіресе, әлеуметтік желі қолданушылары аялдамалардың есіктері жабылмайды, ішінде жағымсыз иіс бар, қоқысқа толы деп жиі шағым айтады.
Ал, нысанды тұрғызған компания өкілдері бұған тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Қазір қала ішінде 27 жылы аялдама бар. Биыл әкімдікке қарасты компания тағы 200-ін салуды жоспарлап отыр.


Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу