Батысқазақстандық Серікқали Қожабергенов ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандық Серікқали Қожабергенов ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткен

30.12.2016
Адамды шені мен шекпеніне қарап емес, адал еңбегіне, күшіне емес, ісіне қарап бағалау қажет. Бұл - батысқазақстандық Серікқали Қожабергеновтың өмірлік ұстанымы. Ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам жемісті еңбек еткен бейнетқор жан, зейнетке шықса да қол қусырып отырған жоқ. Ұлдарымен бірге шаруа қожалығын құрып, төрт түлікті түлетуді қолға алған. Осылайша, «ауылда жұмыс жоқ» деп қолы бос жүрген жастарға үлгі өнеге көрсетуде.


Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу