Петропавлда ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

18.11.2023

Петропавлда ауыл шаруашылығы саласының үздік мамандары марапатталды.

Аграрлық өндірістік кешен – теріскей экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздік алған сәттен саланы қаржыландыру көрсеткіші 30 есе артып, жылына 50 млрд теңгеге жетті. Өңірде 90 мың адам ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүр. 5 мыңнан астам тауар түрі өндіріледі. Кәсіби мерекеге орай қызметте алдыңғы қатардан көрінгендерге «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, министріліктің және облыс әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хаттар табысталды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу