Шығыс Қазақстан облысында 18 жүк вагоны рельстен шығып кетті

27.12.2016
Апатқа ұшыраған вагондарға цемент тиелген. Темір дөңгелекті көліктер «Бұқтырма цемент зауытына» тиесілі. Оқиға таңертеңгі сағат 9-дар шамасында Бұқтырма станциясына жақын маңдағы теміржол тұйығында болған.

Жүк тепловозын жүргізген 3 адам, апат кезінде секіріп үлгерген. Қазір жол апатының салдары анықталып жатыр.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу