ОҚО-дағы Төле би ауданындағы трансформаторлардың 60 пайызға жуығы ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-дағы Төле би ауданындағы трансформаторлардың 60 пайызға жуығы ескірген

12.12.2016
Ауылдағы әрбір үйде ұзындығы 5-6 метр болатын сырықтар бар. Желді күндері бір-бірімен айқасып қалған электр желілерін осы құралдың көмегімен бір-бірінен ажыратып алады. Бірақ, осындай жабайы тәсілді қолданамын деп жүргенде оларды жиі ток соғады.
Төле би ауданы әкімі орынбасарының айтуынша, келесі жылы 1 292 бағана ауыстырылады. Содан соң, 150 трансформатор қайта жөндеуден өтеді.


Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу